10-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының шет мемлекеттердiң органдарымен және халықаралық ұйымдармен экстремизмнің алдын алу, анықтау және жолын кесу саласындағы өзара ic-қимылы Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары экстремизмнiң алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасып жұмыс iстейдi.
2. Экстремизмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастық орнатады, Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттердiң аумағында жедел-iздестiру, қарсы барлау iс-шараларын жүргiзедi.
Осы Заңның 7-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген мемлекеттік органдар басқа мемлекеттердiң құзыретті органдарының, халықаралық құқық қорғау ұйымдарының өтiнiшi бойынша, экстремизмге қатысы бар адамдардың экстремизмдi жүзеге асырған жерiне қарамастан, оларды Қазақстан Республикасының аумағында қудалайды.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 36-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы N 31 Заңы.
МАЗМҰНЫ
Осы Заң адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылыс негiздерiн қорғау, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, оның аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн, ұлттық қауiпсiздігін қамтамасыз ету мақсатында экстремизмге қарсы iс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы