⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыреті Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы Заңы

10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыреті Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыреті Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы Заңы 

       Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

       Қазақстан Республикасының Үкiметi:  

      1) Қазақстан Республикасының Президентiне облыстар мен аудандарды құру және тарату, олардың әкiмшiлiк орталықтарын белгiлеу және өзгерту туралы ұсынулар енгiзедi; 

      1-1) облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың шекарасын белгiлейді және өзгертеді; 

      2) Қазақстан Республикасының Президентiне елдi мекендердi республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың категорияларына жатқызу, олардың бағыныстылығын белгiлеу және өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;  

      2-1) Қазақстан Республикасының Президентіне республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыну енгізеді; 

      3) Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру қағидаларын бекітеді; 

      4) Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының, оның жергілікті өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне облыстарға, аудандарға, қалаларға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді; 

      4-1) Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол станцияларына, метрополитен станцияларына, автовокзалдарға, автостанцияларға, физикалық-географиялық және мемлекеттік меншіктің басқа да объектілеріне атау беру туралы шешім қабылдайды; 

      5) <*> 

      6) өзiне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентiнiң 19.12.1995 № 2691 Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді); 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi); 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 12.12.2020 № 383-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-XII Заңы. 

Қазақстан Республикасының 

Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы