10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң соғыс жағдайы кезеңіндегі құзыреті Соғыс жағдайы туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі соғыс жағдайы кезеңінде:
1) соғыс жағдайы кезеңіндегі министрліктер туралы ережелерді бекітеді;
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ ұйымдардың соғыс жағдайы режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне басшылық етеді;
3) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, азаматтар мен басқа да адамдардың мұқтажын қанағаттандыруға бағытталған шаралардың орындалуын қамтамасыз етедi;
4) Қазақстан Республикасының Президентiне төтенше мемлекеттiк бюджеттi ұсынады және оның атқарылуын қамтамасыз етедi;
5) соғыс жағдайы шараларын материалдық-техникалық, еңбек және басқа да ресурстармен қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
6) Қазақстан Республикасы Парламентiнің агрессия жасаған мемлекетпен (мемлекеттер тобымен не коалициясымен) халықаралық шарттардың күшiн жоюы үшiн оларды өз құзыретi шегiнде ұсынады;
7) азаматтық және аумақтық қорғанысқа басшылық етеді, жергілікті атқарушы органдарға азаматтық қорғаныс, аумақтық қорғаныс іс-шараларын, сондай-ақ аумақты Қазақстан Республикасының қорғанысы мүдделерінде жедел жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар белгілеп береді;
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдарды және ұйымдарды соғыс уақытының құрылымы мен штаттарына көшіруді ұйымдастырады;
9) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды, ұйымдар мен халықты құлақтандыру жүйесін ұйымдастырады;
10) өзіне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2. Осы баптың 1-тармағы 1) және 3) тармақшаларының ережелері соғыс жағдайы кезеңінде де, ол енгізілгенге дейін де іске асырылуы мүмкін.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.06.2020 № 344-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы N 391 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Pecпубликасының аумағында тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың (бұдан әрi - азаматтар және басқа да адамдар), сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, әскери басқару органдарының және
меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың (бұдан әрi - ұйымдар) соғыс жағдайы кезеңiндегi құқықтық қатынастарын реттейдi.
Осы Заңның қолданылуы соғыс жағдайы кезеңiмен шектеледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы