10-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі
1. Қазақстан Республикасының кеден органдары (бұдан әрі – кеден органдары) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасындағы кеден ісін іске асыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік кірістер органдары болып табылады.
2. Кеден органдары жүйесі:
1) уәкілетті органнан;
2) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық кеден органдарынан (бұдан әрі – аумақтық кеден органдары);
3) кедендерден;
4) кеден бекеттерінен;
5) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінен және (немесе) кедендік операциялар жасалатын орындардан;
6) мамандандырылған мемлекеттік мекемелерден тұрады.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ақпараттық-есептеу орталығы, кедендік зертханалар, кинологиялық, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және басқа да мамандандырылған мекемелер, жоғары кәсіптік және қосымша білім беретін білім мекемелері, сондай-ақ қызметі осы Кодекске сәйкес кеден органдарына жүктелген міндеттерді шешуге ықпал ететін мемлекеттік кәсіпорындар құрылады.
4. Кеден органдарының танымдық туы мен танымдық белгісі болады, олардың сипаттамасы мен қолданылу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
5. Кедендердің, кеден бекеттерінің, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінің және (немесе) кедендік операциялар жасалатын орындардың жұмыскерлері погонсыз нысанды киіммен қамтамасыз етіледі.
Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар кеден органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы