⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік капиталы, қайта бағалау шоттары және провизиялары (резервтерi) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы

10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік капиталы, қайта бағалау шоттары және провизиялары (резервтерi) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік капиталы, қайта бағалау шоттары және провизиялары (резервтерi) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы 

      Ескерту. 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

      Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік капиталы кемінде жарғылық капитал мөлшерінде қалыптастырылады, бөлiнбеген таза табыс есебiнен толықтырылады және тек қана Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлеген тәртiппен жүргiзiлетін операциялар бойынша ысырапқа өтемақы төлеуге және залалдарды өтеуге арналады. Алтын-валюта резервтерiн және шетел валютасындағы өзге де активтерді қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен кірісті есепке алуға арналған. Негiзгi қаражаттарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкінің негiзгi қаражатын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған. 

      Кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезіндегі залалдарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі бойынша өзге де талаптарды және әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа да активтерді қоса алғанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптар бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастырылады. 

      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы