⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Заңы

10-бап. Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Заңы 

       Қазақстан Республикасында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесiнiң техникалық негiзiн шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары құрайды, олардың құрылуын және ұстап-тұруын мемлекет жүзеге асырады. 

      Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары шама бiрлiктерiн (шама бiрлiктерiнiң еселiк не үлестiк мәндерiн) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналады және олардың мөлшерлерін Қазақстан Республикасының аумағындағы шама бірліктерінің эталондарына, осы шамалардың өлшем құралдарына беру мақсатында пайдаланылады. 

      Шама бірліктерінің мөлшерлерін беру – шама бірліктерінің эталондарын калибрлеу, өлшем құралдарын салыстырып тексеру немесе калибрлеу арқылы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан, ал Қазақстан Республикасында шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары болмаған жағдайда Халықаралық өлшем және салмақ бюросының маңызды салғастыру дерекқорында барабарлық дәрежесі расталған, басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарынан жүзеге асырылады. 

      Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары Халықаралық өлшем және салмақ бюросы шама бірліктерінің эталондарымен және басқа мемлекеттер шама бірліктерінің ұлттық эталондарымен салғастыруға жатады. 

      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
 

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы N 53-II Заңы. 

Осы Заң өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, оның мақсаттарын, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы