⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Субъектілердің құқықтары  3-тарау. СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Заңы

10-бап. Субъектілердің құқықтары  3-тарау. СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 10-бап. Субъектілердің құқықтары   3-тарау. СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Заңы 

      Субъектілер жүзеге асыратын қызметіне сәйкес: 

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аумақтың және (немесе) өндіру объектісінің және ішкі сауда объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық жай-күйі туралы уақтылы дұрыс ақпарат алуға; 

      2) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің, техникалық регламенттердің, нормативтік құжаттардың, ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелер мен нормативтердің, техникалық регламенттердің, нормативтік құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында зерттеулер жүргізу үшін мемлекеттік органдарға жүгінуге; 

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) және ветеринарлық-санитарлық іс-шараларға қатысуға; 

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысуға; 

      5) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ұйым стандарттарын әзірлеуге және бекітуге; 

      6) тамақ өнімін өндіру (дайындау) процестерін жүзеге асыру кезінде осындай өнімнің қауіпсіздік талаптарына байланысты ХАССП қағидаттарына негізделген рәсімдерді әзірлеуге, енгізуге және қолдауға; 

      7) тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі менеджменті жүйесін енгізуге; 

      8) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       8-1) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);  

      9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтар алуға құқылы. 

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін және қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы