10-бап. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Заңы
1. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар өз қызметін осы Заңға, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. Салыстырып тексеру зертханалары (орталықтары) өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілерден және тұтынушылардан тәуелсіз болуға тиіс.
3. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес - шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан, олар жоқ болған жағдайда басқа елдердің шама бірліктері ұлттық эталондарынан шама бірліктерінің өлшемдерін алу арқылы өлшемдердің қадағалануын қамтамасыз етуге тиіс.
4. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде әділдікті қамтамасыз етуге, қызмет нәтижесінде туындайтын тәуекелдерді бағалауға және қызмет саласындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін олардың қаржылық тұрақтылығы және тиісті ресурстары болуға тиіс.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 61-IV Заңы.
Осы Заң сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ олармен байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы