⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Сыртқа сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыреті Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы

10-бап. Сыртқа сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыреті Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 10-бап. Сыртқа сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыреті Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы 

      Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган: 

      1) өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады; 

      2) қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      3) сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді; 

      4) құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты дамыту мен ілгерілетуді жүзеге асырады; 

      5) шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша салалық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды және олардың жұмысын үйлестіреді; 

      6) қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      7) Қазақстан Республикасының қабылданған халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі шараларды әзірлейді және бекітеді; 

      8) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсаттары үшін өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді; 

      9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

      Осы Заң өнеркәсіптік саясаттың негіз қалаушы қағидаттарын белгілейді әрі өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы