10-бап. Тарифтер Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы Заңы
Жүктердi, жолаушыларды, багажды тасымалдауға және тасымалдауларға байланысты қызмет көрсетуге, оның ішінде аралас тасымалдар кезінде тасымалдаушылар және көлік кәсіпорындары қызметiн қамтамасыз ететiн ерiктi (шарттық) тарифтер (осы Заңның 9-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген жағдайлардан басқа) белгiленедi.
Көлiк қызметтерiнiң жеке түрлерi бойынша мемлекеттiң әлеуметтiк саясатын жүргiзу құралы немесе көлiк саласындағы монополистiк қызметтi жою құралы ретiнде Қазақстан Республикасы заңдары анықтайтын тәртiпте реттелiп отыратын (мемлекет шегiнде бiрыңғай) тарифтер белгiленуi мүмкiн.
Əскери жүктерді республикаішілік тасымалдауға əскери тарифтер қолданылады, ал əскери жүктерді Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тасымалдауға Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сəйкес тарифтер қолданылады.
Əскери жолаушыларды жəне багажбен жəне жүк-багажбен тасымалданатын əскери жүктерді көлік түрлерінде тасымалдау жолаушыларды, багажды жəне жүк-багажды тасымалдауға қолданылатын тарифтер бойынша орындалады.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.12.28 № 338; 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы