⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі  Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы

10-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі  Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі  Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы 

       1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру осы Заңға сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.  

       2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында мүліктің тауарлық құнының жоғалуын, сондай-ақ жәбірленушінің тауарларды жеткізудің немесе жұмыстарды жүргізудің (қызметтер көрсетудің) мерзімдерін, оның келісім-шарттар (шарттар) бойынша өзге де міндеттемелерді бұзуына байланысты тұрақсыздық айыбын өтеуді қоса алғанда, жәбірленушінің моральдық зиянын және ала алмаған пайдасын өтеуді қоспағанда, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіру салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді.  

       3. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты міндетті сақтандырудың осы түрі (сыныбы) бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы тиіс.  

       Сақтанушы сақтандырушыны таңдауда ерікті.  

      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес. 

       Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді.  

      4. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады. 

       Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін сақтанушының өтініші негіз болып табылады.  

      Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі. 

      4-1. Сақтанушының қалауы бойынша тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушыға жүгіну не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасалуы мүмкін. 

       5. Сақтандыру полисінде, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 826-бабында санамаланған талаптардан басқа, сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшері көрсетілуге тиіс.  

      Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен ресімделуі жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді. 

      6. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.   

       7. Егер сақтандырушы тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбірленушінің жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасасса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) және жәбірленушінің алдында осы Заңда белгіленген талаптар бойынша міндетті болады.  

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444 Заңы. 

       Осы Заң тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы туындайтын қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, қаржылық және ұйымдық негіздерін белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы