10-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру Автомобиль жолдары туралы Заңы
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасында көзделген тәртіппен орналастырылады.
2. Бөлiнген белдеудiң шекараларында орнатылатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектілері, өзге де ақпараттық белгiлер мен нұсқағыштар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуға және орнатылуға тиiс.
3. Алып тасталды – ҚР 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерінде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін реттейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы