⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-1-бап. Өтінім туралы мәліметтерді жариялау Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңы

11-1-бап. Өтінім туралы мәліметтерді жариялау Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-1-бап. Өтінім туралы мәліметтерді жариялау Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңы 

      1. Алдын ала сараптама аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінім туралы мәліметтер апта сайынғы бюллетеньде жарияланады. 

      2. Берілген өтінімдер туралы мәліметтерде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс: 

      1) мәлімделген белгілеменің кескіні; 

      2) өтінім беруші туралы деректер, оның ішінде өтінім берушінің және (немесе) оның өкілінің мекенжайы; 

      3) өздеріне қатысты белгіні тiркеу сұралатын тауарлардың (көрсетілетін қызметтердiң) тiзбесi; 

      4) өтiнiмнiң нөмiрi мен сараптама ұйымына берiлген күнi; 

      5) егер конвенциялық басымдық белгiленген болса, бірінші өтiнiмді берген ел, өтінімнің нөмірі мен берілген күнi; 

      6) ұжымдық тауар белгісіне нұсқау. 

      Ескерту. 3-тарау 11-1-баппен толықтырылды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы