11-1-бап. Өтпелі ережелер Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы Заңы
Осы Заңның жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алуға тіркелген тарифтерді қолдану тәртібін реттейтін нормалары аукциондық бағаны қолдану туралы ережелер қолданысқа енгізілгенге дейін қаржы-есеп айырысу орталығы жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасаған шарттарға қатысты ғана қолданылады.
Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасасқан шарттарына осы Заңның 7-1-бабы 9-тармағының күші қолданылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 11-1-бапты үшінші, төртінші бөліктермен толықтыру көзделген – ҚР 08.07.2024 № 121-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заңның 9-бабы 8-тармағының күші жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға қатысты олардың жаңартылатын энергия көздерін қолдау бойынша қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының қолданысы тоқтатылғаннан кейін қолданысын тоқтатады.
Ескерту. 4-тарау 11-1-баппен толықтырылды - ҚР 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі N 165-IV Заңы.
Осы Заң жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдаудың мақсаттарын, нысандары мен бағыттарын айқындайды, сондай-ақ қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды қолдау және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану тетігін реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы