11-бап. Акционерлiк инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы
1. Акционерлiк инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарында және осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Акционерлiк инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған құжаттардан басқа, акционерлiк инвестициялық қордың басқарушы компаниямен жасасқан шарттарының жобалары, сондай-ақ акционерлік инвестициялық қор құрылтайшыларының жалпы жиналысы не жалғыз құрылтайшысы бекіткен инвестициялық декларация табыс етiледi.
3. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Акционерлiк инвестициялық қор акциялары шығарылымының проспектiсiнде, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мәлiметтерден басқа:
1) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алуға өтiнiмдер берудiң және оларды орындаудың шарттары мен тәртiбi;
3) акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын орналастыру және (немесе) сатып алу жөнiндегi делдалдардың (олар болған жағдайда) орналасқан жерi мен байланыс телефондарының нөмiрлерi көрсетiле отырып, олардың тiзбесi болуға тиiс.
5. Уәкiлеттi орган өзiне табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген немесе берiлген құжаттарда қайшылықты, жаңылыстыруға әкеп соқтыратын мәлiметтер болған жағдайда, акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқылы.
6. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге бас тарту негiздемелерiн көрсете отырып акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi.
7. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы акционерлік инвестициялық қордың құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет ету, қайта ұйымдастырылу және таратылу ерекшелiктерiн, инвестициялық пай қорының құрылу, жұмыс iстеу және жұмыс iстеуiн тоқтату шарттары мен тәртібін, венчурлік қорлардың құқықтық жағдайы мен қызмет ету ерекшеліктерін айқындайды, бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылардың инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне байланысты қатынастарды реттейдi, сондай-ақ инвестициялық қорларды мемлекеттік реттеу тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы