11-бап. Ассамблея Аппараты (Хатшылығы) Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы
1. Ассамблея Аппараты (Хатшылығы) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіретін, қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелетін Ассамблеяның жұмыс органы болып табылады.
2. Аппаратты (Хатшылықты) сонымен бір мезгілде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Аппарат (Хатшылық) меңгерушісі басқарады.
3. Сессияның, Кеңестің шешімдері және Ассамблея Төрағасының тапсырмалары Аппараттың (Хатшылықтың) орындауы үшін міндетті болып табылады.
4. Аппараттың (Хатшылықтың) негізгі функциялары:
1) Төраға мен Кеңестің қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету, оның ішінде олардың қызметін сараптамалық-талдамалық, ақпараттық және өзге де түрде қолдап отыру;
1-1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша жұмысын үйлестіру;
1-2) алып тасталды – ҚР 03.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 1-3) алып тасталды – ҚР 03.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
1-4) жеке және заңды тұлғалардың жалпымемлекеттік маңызы бар және этносаралық қатынастар саласын қозғайтын өтініштерін қарау;
1-5) Ассамблея мен оның құрылымының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
2) алып тасталды - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі);
3) мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен және шет елдердің осыған ұқсас құрылымдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етуге және Ассамблеяға жүктелген міндеттерді іске асыруға бағытталған өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 361-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2018 № 149-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы N 70-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру тәртібін және оның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы