⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу және бақылау Автомобиль көлiгi туралы Заңы

11-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу және бақылау Автомобиль көлiгi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу және бақылау Автомобиль көлiгi туралы Заңы 

      1. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, техникалық реттеу, стандарттау, Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады. 

       2. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарының сақталуын мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде уәкiлеттi орган және басқа да мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.  

      3. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуін бақылау Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарында және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында, қалалар немесе өзге де елді мекендер шекараларының шегіндегі автомобиль жолдарында жүзеге асырылады. 

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiн, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарын және көлiктiк бақылау бекеттерін техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырмай құруға жол берiлмейдi. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарының және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       4-тармақтың қолданысы 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады – осы Заңның 54-1-бабының 3-тармағын қараңыз.  

      4. Мыналар: 

      1) Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының салмақ және габарит өлшемдерін асыра отырып, автокөлік құралының жүріп өтуі; 

      2) ірі габаритті, ауыр салмақты және қауіпті жүктерді қоса алғанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде болуға тиіс, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттардың және (немесе) хабарламалардың болмауы; 

      3) алып тасталды – ҚР – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      4) ірі габаритті, ауыр салмақты және қауіпті жүктерді қоса алғанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол жүру маршрутын және (немесе) кестесін сақтамау; 

      5) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында берілген хабарламаны орындамау; 

       6) осы Заңның 44-бабында белгіленген талаптарды тексеру;  

      7) автоматтандырылған өлшеу станциясы арқылы жүріп өту тәртібін сақтамау; 

      8) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеудің болмауы уәкілетті органның лауазымды адамдарының талабы бойынша автокөлік құралын тоқтату үшін негіздер болып табылады. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген автокөлік құралын тоқтату үшін негіздерді интеллектуалды көлік жүйесі айқындайды. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген автокөлік құралын тоқтатуға негіз Қазақстан Республикасының аумағында күнтізбелік бес күннен астам болған шетелдік автокөлік құралдарына қолданылады. 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       5-тармақтың қолданысы 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады – осы Заңның 54-1-бабының 3-тармағын қараңыз.  

      5. Уәкілетті органның лауазымды адамына осы баптың 4-тармағында көзделмеген негіздер бойынша автокөлік құралын тоқтатуға тыйым салынады. 

      6. Автоматтандырылған өлшеу станциялары арқылы жүріп өту тәртібі автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында айқындалады. 

      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.06 № 209, 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 Заңы. 

      Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы