11-бап. Этил спиртiн сақтау және өткiзу қағидалары Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Заңы
1. Этил спиртiн уәкілетті орған бекітетін қағидаларға сәйкес:
1) тиісті қызмет түріне лицензиясы болған кезде, сондай-ақ өз қызметін бастағаны туралы хабардар еткен, белгіленген тәртіппен бөлінген квота шегiнде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіретін ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына;
2) дайындалуына этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндірушілерге;
3) этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольсіз өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға өткізуге жол беріледі.
1-1. Тәркіленген этил спиртін этил спирті мен алкоголь өнімін өндірушілерге ғана өткізуге жол беріледі.
2. Этил спиртiн өндiруге лицензиясы болған жағдайда ғана өндірушінің қоймалық үй-жайларында этил спиртін сақтау және өткiзу жүзеге асырылады.
3. Қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар дәрiханаларда этил спиртiн өткiзуді қоспағанда, этил спиртін бөлшек саудада өткізуге жол берілмейді.
4. Этил спиртiн сақтау уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 429 Заңы.
Осы Заңмен этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы, этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы субъектілері қызметін мемлекеттік реттеу және жүзеге асыру процестерінде туындайтын қатынастар реттеледі.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы