⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

11-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 

      Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігіне: 

      1) осы Кодексте белгіленген реттегіш құралдарды қалыптастыру шарттарын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік реттеуді негіздеудің, келісудің және мониторингтеудің міндетті рәсімдерін ендіру; 

      2) мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілеріне деген сенімін арттыру; 

      3) реттеушілік саясатты қалыптастыруда жобалық басқаруды ендіруге, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің бұрын қабылданған шешімдерінің сабақтастығы мен ескерілуіне негізделген мемлекеттік реттеудің жүйелілігі мен дәйектілігі; 

      4) кәсіпкерлік субъектілеріне залал келтіргені үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының дербес жауапкершілігін енгізу; 

      5) жаңа талаптарды енгізу нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілері үшін кедергілер жасауға жол бермеу арқылы қол жеткізіледі. 

      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

 

Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)   Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы