11-бап. Мәслихат сессиясын өткiзу тәртiбi Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы
1. Мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өткiзiледi.
2. Мәслихаттың бiрiншi сессиясын тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы ашады және мәслихат төрағасы сайланғанға дейін жүргiзедi. Одан әрi мәслихат сессиясын мәслихат төрағасы жүргізеді.
3. Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады.
Шешiмдер мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
4. Сессия жұмысында мәслихат шешiмi бойынша мәслихат белгiлеген он бес күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге үзiлiс жасалуы мүмкiн.
5. Сессияның ұзақтығын мәслихат белгiлейдi.
6. Мәслихат сессиялары, әдетте, ашық сипатта болады. Жабық сессиялар өткiзуге, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiгi осы үшiн дауыс берсе, мәслихат төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бiрiнiң ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешiмiмен жол беріледi.
7. Мәслихат төрағасының шақыруы бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары мәслихаттың қарауына жататын мәселелер бойынша ақпарат беру үшiн мәслихат сессиясына келуге мiндеттi.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.06.2021 № 60-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртiбiн, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы