11-бап. Өлшем құралдары Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Заңы
Өлшем құралдары бiрлiктерi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген шамаларды айқындау үшiн пайдаланылады.
Өлшем құралдары Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына, ал олар болмаған жағдайда Халықаралық өлшем және салмақ бюросының маңызды салғастыру дерекқорында барабарлық дәрежесі расталған, басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарына метрологиялық бақылап тексерілуге тиіс.
Өлшем құралдарына стандартты үлгілер де, өлшеуіш жүйелер де жатқызылады.
Техникалық құралдардың өлшем құралдарына жататындығын белгілеуді оларды дайындаушылар, берушілер немесе пайдаланушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы N 53-II Заңы.
Осы Заң өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, оның мақсаттарын, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы