⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Өндiрiстiк кооперативке мүшелiктiң тоқтатылуы және оның мүшелерi құрамындағы өзгерiстер Өндiрiстiк кооператив туралы Заңы

11-бап. Өндiрiстiк кооперативке мүшелiктiң тоқтатылуы және оның мүшелерi құрамындағы өзгерiстер Өндiрiстiк кооператив туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Өндiрiстiк кооперативке мүшелiктiң тоқтатылуы және оның мүшелерi құрамындағы өзгерiстер Өндiрiстiк кооператив туралы Заңы  

       1. Кооператив мүшесi кооператив басқармасының төрағасына (кооператив төрағасына) шығуынан екi апта бұрын бұл жайында жазбаша түрде ескерте отырып, өз қалауы бойынша кооперативтен шығуға хақылы. Ескертудiң бұдан ұзағырақ мерзiмi құрылтай құжаттарында көзделуi мүмкiн, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi осы мерзiмдер өткеннен кейiн кооперативтен шыққан болып есептеледi.  

       2. Кооператив мүшесi жалпы жиналыстың шешiмi бойынша одан мынадай:  

       1) өзiне кооператив жарғысымен жүктелген мiндеттердi ұдайы атқармаған немесе ойдағыдай атқармаған жағдайда;  

       2) осыған ұқсас кооперативке мүше болуына байланысты;  

       3) құрылтай құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда шығарылуы мүмкiн.  

       Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелiгiнен шығару туралы шешiмге сотқа шағым жасалуы мүмкiн.  

       3. Кооперативке мүшелiк мынадай:  

       1) кооператив мүшесi қайтыс болған, оны өлдi деп хабарлаған, ол хабарсыз жоқ болып кеттi деп танылған;  

       2) кооператив мүшесi өз пайын осы баптың 5-тармағында көзделген тәртiппен басқа адамға берген;  

       3) кредит берушi (кредит берушiлер) кооператив мүшесiнiң пайына айып өндiрiп алған;  

       3-1) кооператив мүшесi өндiрiстiк кооперативтiң қызметiне жеке еңбегiмен қатысудан бас тартқан жағдайда тоқтатылады.  

       4. Егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, кооператив мүшесi қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлерi кооператив мүшелiгiне қабылдануы мүмкiн.  

       5. Егер кооперативтiң құрылтай құжаттарында не заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, кооператив мүшесi өз пайын немесе оның бiр бөлiгiн кооперативтiң басқа мүшесiне (мүшелерiне) сатуға немесе өзгеше түрде беруге хақылы.  

      Пайды (оның бiр бөлiгiн) кооперативтiң мүшесi болып табылмайтын азаматқа беруге, егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, кооператив мүшелерiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi. Бұл ретте, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, кооперативтiң басқа мүшелерi осы пайды (оның бiр бөлiгiн) сатып алуға басым құқықты иеленедi. 

       6. Кооператив мүшесi болып табылмайтын тұлғаға осы бапта белгiленген тәртiппен пай немесе оның бiр бөлiгi берілсе және ол кооперативке кiруге тiлек бiлдiрсе, мүшелiкке қабылдануға тиiс.  

       7. Зейнет жасына жеткен кооператив мүшелерi кооператив жарғысында көзделген шартпен кооперативке мүшелiгiн сақтап қала алады.  

       8. Кооперативке жаңа мүшелер қабылдау осы Заңның 15-бабында көзделген тәртiппен кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысында жүргiзiледi.  

      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.07.12. N 241, 2007.08.07. N 321; 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 қазандағы N 2486 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы