⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Өтінім берушілердің (өндірушілердің, өнім берушілердің, импорттаушылардың) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы міндеттері  Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы Заңы

11-бап. Өтінім берушілердің (өндірушілердің, өнім берушілердің, импорттаушылардың) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы міндеттері  Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Өтінім берушілердің (өндірушілердің, өнім берушілердің, импорттаушылардың) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы міндеттері  Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы Заңы 

       Жүзеге асырылатын қызметіне сәйкес өтінім беруші (өндіруші, өнім беруші, импорттаушы):  

       1) Қазақстан Республикасының химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге;  

       2) химиялық өнімнің өмірлік циклі сатыларындағы қауіпсіздігіне өндірістік бақылауды қамтамасыз етуге;  

       3) осы Заңның және химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына химиялық өнімнің және оның өмірлік циклі процестерінің анықталған сәйкессіздігі туралы уәкілетті органдарға хабарлауға;  

       4) осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін химиялық өнімнің өмірлік циклінің бір немесе бірнеше процестерін тоқтатуға;  

       5) тұтынушыларға және уәкілетті органдарға олардың талап етуі бойынша химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы дұрыс ақпарат беруге;  

       6) уәкілетті органдарға мемлекеттік бақылау жүргізуге қажетті ақпаратты: химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортын, тіркеу туралы куәлікті, сәйкестік сертификатын немесе декларацияны, техникалық сипаттағы басқа да құжаттар мен мәліметтерді (жоспардан тыс тексеру кезінде) беруге;  

       7) химиялық өнімнің қатерін міндетті түрде бағалауды жүзеге асыруға (адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіретін химиялық заттардың зиянды әсерлерін, олардың зиянды әсерінің таралу аясын айқындауға) міндетті.  

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адамның өмірі мен денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны және тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін химиялық өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы