11-бап. Сақтанушының (сақтандырылушының) құқықтары мен міндеттері Мiндетті экологиялық сақтандыру туралы Заңы
Ескерту. 11-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Сақтанушы (сақтандырылушы):
1) сақтандырушыдан міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша міндетті экологиялық сақтандыру талаптарын, өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;
4) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;
5) міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға (бұл құқық сақтанушыға ғана қолданылады);
5-1) міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
6) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;
7) осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін алуға құқылы.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының (сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа құқықтары да көзделуі мүмкін.
2. Сақтанушы:
1) сақтандыру сыйақыларын міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде төлеуге;
2) сақтандырушыға сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы хабарлауға;
3) сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етуге;
4) авария кезінде ықтимал экологиялық залалды болғызбау немесе азайту үшін қалыптасқан мән-жайларға ақылға қонымды және қолжетімді шаралар қолдануға;
5) экологиялық залал келтіруге әкеп соққан авария жөнінде және зардап шеккен адамдар туралы тиісті органдарға олардың құзыретін ескере отырып (мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, медициналық жедел жәрдем қызметіне, авариялық қызметтерге, уәкілетті органға) хабарлауға;
6) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығының сақтандырушыға ауысуын қамтамасыз етуге міндетті.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 93-III ҚРЗ.
Осы Заң міндетті экологиялық сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы