11-бап. Селекциялық жетiстiктiң авторы 4-тарау. Автор және патент иесі Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы
1. Селекциялық жетiстiктi шығармашылық еңбегiмен жасаған, ашқан немесе өсiрiп шығарған жеке тұлға автор болып танылады.
2. Егер селекциялық жетiстiк бiрнеше адамның ұжымдық шығармашылық еңбегiмен жасалса, олардың бәрi де оның авторлары (Қосымша авторлары) болып есептеледi. Авторларға тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы келiсiммен белгiленедi.
3. Авторға (авторларға) тек техникалық, ұйымдастырушылық, материалдық (қаржылық) көмек көрсеткен немесе сортқа, тұқымға берiлетiн құқықтарды әзiрлеуге және ресiмдеуге жәрдемдескен адамдар авторлар болып танылмайды.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2015 № 300-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422 Заңы.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы