11-бап. Сотталғандардың негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
1. Сотталғандар:
1) осы Кодексте, өзге де нормативтік құқықтық актілерде, сондай-ақ сот үкімінде белгіленген талаптарды орындауға;
2) жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың ішкі тәртіптеме қағидаларын сақтауға;
3) жазаларды орындайтын мекемелердің немесе органдардың қызметкерлерінің, сондай-ақ сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдардың заңды талаптарын орындауға;
4) жазаларды орындайтын мекемелер немесе органдар әкімшілігінің шақыруы бойынша келуге және жаза мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау мәселелері жөнінде түсініктемелер беруге;
5) негізгі жазасын толық өтегенге немесе жазадан босатылғанға, пробациялық бақылау мерзімі өткенге, жазаны орындауды кейінге қалдыру мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеуге;
6) персоналмен, басқа да сотталғандармен, сондай-ақ жазаларды орындайтын мекемелер мен органдарға келетін адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасауға;
7) еңбек пен оқуға адал қарауға;
8) заңда көзделген жағдайларда, инфекциялық ауруларды уақтылы анықтау мақсатында міндетті және профилактикалық медициналық қарап-тексеруден, сондай-ақ психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу, дене зақымын алу фактілерін анықтау үшін куәландырудан өтуге;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес геномдық тіркеуден өтуге мiндеттi.
2. Сотталғандардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы