11-бап. Спорт федерацияларын аккредиттеу Дене шынықтыру және спорт туралы Заңы
1. Ұлттық және жергілікті спорт федерациялары аккредиттелуге жатады.
2. Аккредиттелген тиісті ұлттық спорт федерациясы жоқ бір спорт түрі бойынша бір ұлттық спорт федерациясы Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелуге жатады.
3. Олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясы Қазақстан Республикасы атынан Халықаралық олимпиада комитеті таныған халықаралық спорт федерациясының мүшесі болып табылуға және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті тануға тиіс.
4. Ұлттық спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясы Қазақстан Республикасы атынан тиісті спорт түрі бойынша халықаралық спорт ұйымының мүшесі болып табылуға тиіс.
5. Паралимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясы Қазақстан Республикасы атынан Халықаралық паралимпиада комитеті таныған халықаралық спорт федерациясының мүшесі болып табылуға және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті тануға тиіс.
6. Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясы Қазақстан Республикасы атынан Саңыраулардың халықаралық спорт комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшесі болып табылуға және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті тануға тиіс.
7. Спорт федерациясы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жартысынан астамының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамытқан жағдайда федерация "ұлттық" деген мәртебемен аккредиттеледі.
8. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органда аккредитация алған күннен бастап спорт түрі бойынша спорт федерациясына "ұлттық" деген мәртебе беріледі.
9. Аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы спорт түрі (түрлері) бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясының мүшесі болып табылуға тиіс.
10. Жергілікті атқарушы органда аккредитация алған күннен бастап спорт түрі бойынша спорт федерациясына "жергілікті" деген мәртебе беріледі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқой және кәсiпқой спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы