⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Табиғи радионуклидтердiң әсер етуi кезiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету  Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы

11-бап. Табиғи радионуклидтердiң әсер етуi кезiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету  Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 11-бап. Табиғи радионуклидтердiң әсер етуi кезiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету  Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы 

       1. Радонның және басқа да табиғи радионуклидтердiң болуына байланысты халық пен қызметшiлердiң сәуле алуы тұрғын үйлер мен өндiрiстiк үй-жайларда белгiленген нормативтерден аспауға тиiс.  

       2. Халық пен қызметшiлердi табиғи радионуклидтердiң ықпалынан қорғау мақсатында:  

       үйлер мен ғимараттар құрылысы үшiн топырақтан радонның бөлiнуi деңгейiн және радиациялық аяны ескере отырып, жер учаскелерiн таңдау;  

       үйлер мен ғимараттарды осы үй-жайлардың ауасына радон түсуiне жол бермеудi ескере отырып жобалау және салу;  

       үй-жайлардың ауасындағы радонның болу деңгейiн және радиациялық аяны ескере отырып, құрылыс материалдарына өндiрiстiк бақылау жүргiзу, үйлер мен ғимараттарды пайдалануға қабылдап алу;  

       үйлер мен ғимараттарды олардағы радонның болу деңгейiн және радиациялық аяны ескере отырып пайдалану жүзеге асырылуға тиiс.  

       3. Үйлер мен ғимараттардағы радонның болу деңгейiн және радиациялық аяны кемiту арқылы нормативтердi орындау мүмкiн болмаған жағдайда олардың пайдаланылу сипаты өзгертiлуге тиiс.  

       4. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарға сай келмейтiн құрылыс материалдары мен бұйымдарды пайдалануға тыйым салынады.  

       5. Халықтың табиғи сәулелену көздерiнен сәуле алу дозалары денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган олар үшiн белгiлеген нормалардан аспауға тиiс.  

      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29 № 209 Заңымен.  
 

 

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219 Заңы. 

      Осы Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендiрудiң зиянды әсерiнен қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы