11-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылуы Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы
1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты осы Заңға сәйкес жәбірленуші деп танылған барлық адамдарға қатысты қолданылады.
2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты, егер тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген, ал оны төлем мерзімін ұзартып төлеген кезде - бірінші сақтандыру жарнасын төлеген кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
3. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, күшіне енгізілген күннен бастап он екі ай мерзімге жасалады.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың барлық мерзімі ішінде қолданылады және бірінші сақтандыру жағдайының басталуы бойынша қолданылуын тоқтатпайды.
4. Егер тасымалдаушының жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдауды жүзеге асыру құқығы он екі айдан кем мерзім ішінде аяқталатын болса, онда тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты тек осы мерзімге ғана жасалады.
4-1. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің таратылатын қатысушысы-сақтандыру ұйымының кредиторларымен (сақтанушыларымен) он екі айдан кем мерзімге жасасуға жол беріледі.
5. Егер Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444 Заңы.
Осы Заң тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы туындайтын қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, қаржылық және ұйымдық негіздерін белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы