⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Топологияны тiркеу  Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы Заңы

11-бап. Топологияны тiркеу  Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Топологияны тiркеу  Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы Заңы 

      1. Топология авторы немесе өзге де құқық иеленушi сараптама ұйымына тiркеуге өтiнiм беру жолымен топологияны тiркеуге құқылы. 

      Топологияны тiркеу туралы өтiнiм және оған қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілінде ұсынылады. Көрсетілген құжаттар басқа тiлде ұсынылған жағдайда, сараптама ұйымы өтінімге қоса берілетін құжаттардағы мәліметтердің аудармасын талап етуге құқылы. Аударма өтiнiммен бiр мезгiлде немесе өтiнiм келiп түскен күннен бастап екi ай ішінде ұсынылуға тиiс. 

      2. Егер топология бұрын пайдаланылса, тiркеуге өтiнiм беру ол алғаш пайдаланылған күннен бастап екi жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асырылуы мүмкiн.  

      3. Тiркеуге өтiнiм бiр топологияға қатысты болуға тиiс және онда:  

      1) тiркеудi сұраған автор мен тұлғалар аты, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi, егер топология бұрын пайдаланылса, ол алғаш пайдаланылған күн көрсетiлген топологияны тiркеуге өтiнiш;  

      2) рефератты қоса алғанда, топологияны нақтылайтын материалдар;  

      3) егер тiркеуге өтiнiм өкiл арқылы берiлсе, сенiмхат болуға тиiс.  

      4) <*>  

       Тiркеуге өтiнiмдi жасау мен ресiмдеуге қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi.  

      4. Топологияны тіркеу туралы келіп түскен өтінім бойынша сараптама жүргізіледі.  

      Сараптаманың оң нәтижесі болған кезде топологияны Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу жүзеге асырылады және тiркеу туралы куәлiк беріледi. 

       Өтінім беруші тіркеуге дейін өтінім материалдарын толықтыруға, нақтылауға және түзетуге құқылы.  

      Құқық иеленушi болып табылмайтын топология авторына сараптама ұйымы автор куәлiгін бередi. 

      5. Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген мәлiметтер дұрыс емес деп дәлелденбейiнше дұрыс деп есептеледi.  

      Аталған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн өтiнiш берушi жауапты болады.  

      6. Алып тасталды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 N 586, 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы N 217 Заңы. 

Қазақстан Республикасының 

Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы