⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау  Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Заңы

11-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау  Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау  Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Заңы 

      1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомстволық және жеке архивтерде уақытша сақталу сатысынан өтеді, содан соң Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға айрықша құқық берілетін тиісті мемлекеттік архивтерге беріледі. 

      2. Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауды Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, арнаулы мемлекеттік архивтер мен облыстардың және қалалардың мемлекеттік архивтері жүзеге асырады. 

      3. Жеке және заңды тұлғалар Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, жинақтау, сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану үшін ведомстволық және жеке архивтер құрады. 

      4. Ұлттық архив қорының жеке меншіктегі құжаттарын сақтау және пайдалану жөніндегі міндеттемелер олардың меншік иелері Қазақстан Республикасының Ұлттық архивімен, орталық мемлекеттік архивтермен, Қазақстан Республикасы Президентінің Архивімен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасымен немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен жасасатын шарттарда көрсетіледі. 

      5. Ұлттық архив қорының ресми құжаттарының мемлекеттік меншік болып табылатын төлнұсқаларымен жеке архивтерді жинақтауға тыйым салынады. 

      6. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.11.10 № 256, 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I Заңы. 

Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, жинақтау, сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы архив ісін мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы