11-бап. Iшкi iстер органдары мен ұлттық қауiпсiздiк органдары прокурордың талаптары бойынша және осы Заңның 3, 4-баптарына сәйкес адамның сөзсiз ақталу құқы туралы куәландыратын деректердiң дәлелденгенiн өтiнiм иелерi мәлiмдеген жағдайларда - әкiмшiлiк немесе басқа да соттан тыс тәртiпте елден аластау, өмiр сүру немесе мекендi аудандарынан аулақтату (айдау, не жер аудару), арнайы қоныс аударып жiберу, азаматтардың бостандығын шектей отырып еңбекке ықтиярсыз тарту немесе құқықтары мен бостандықтарынан айырулары мен шектеулерi, басқалай да зиян келтiрулерi фактiлерiн анықтауға мiндеттi. Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Аталған фактiлердi анықтаған жағдайда iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдары iс жөнiндегi материалдарды прокуратура органдарының атына жолдап, бұл жөнiнде өтiнiш иесiне хабарлайды.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған фактiлер анықталмаған жағдайда, не сөзсiз ақтау үшiн негiздер болмаған жағдайда iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдары қаралған материалдарды мiндеттi түрде өтiнiш иесiне хабарлай отырып, белгiленген мерзiмде прокуратура органдарына жiбередi.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегі N 2200 Заңы.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi жаппай саяси қуғын-сүргiндерге ұшыраған адамдарға қатысты әдiлеттiлiктi қалпына келтiруге батыл бел байлап, осы қуғын-сүргiндердiң барлық құрбандарын ақтау, оларға тигiзген моральдық және материалдық залалды қазiргi уақытта барынша мүмкiн болатын өтеудi қамтамасыз ету мақсатында осы Заңды қабылдайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы