11-бап. Жедел-іздестіру іс-шаралары Жедел-iздестiру қызметi туралы Заңы
1. Жедел-іздестіру іс-шаралары жалпы және арнаулы болып бөлінеді.
2. Жалпы жедел-іздестіру іс-шаралары мыналар болып табылады:
1) адамдарға сауал қою;
2) азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану;
3) енгізу;
4) қылмыстық іс-әрекетті имитациялайтын мінез-құлық таныту;
5) астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құру;
6) бақыланатын өнім беру;
7) заңмен қорғалатын жеке өмірге, тұрғын үйге қол сұғылмауын, өзінің және отбасының құпиясын, сондай-ақ жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа да жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын қозғамайтын мәліметтер алу үшін техникалық құралдарды қолдану;
8) анықтамалар алу;
9) үлгілерді алу;
10) жедел сатып алу;
11) іздеу-қызмет иттерін пайдалану;
12) жеке адамды белгілері бойынша іздеу және ұқсастыру;
13) ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу;
14) құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу, жасырын орнықтыру және алып қою, оларды алдын ала зерттеу;
15) қылмысты әзірлеуші, жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау;
16) ұстап алынған адамдардың жеке басын жете тексеруді, оларда болатын қылмыстық әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды алып қоюды, сондай-ақ, тұрғын үй-жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды жете тексеруді, көлік құралдарын жете тексеруді куәгерлердің қатысуымен жүзеге асыру.
Терроризмге қарсы операцияны жүзеге асыру барысында жеке басты жете тексеру және жеке тұлғаның жанындағы заттарды жете тексеру, көлік құралдарын, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып жете тексеру куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін;
17) қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөніндегі операцияларды жүргізу;
18) байқау.
Осы тармақта көзделген жалпы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және оларды жүргізу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
3. Арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары мыналар болып табылады:
1) адамды немесе орынды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау;
2) электр (телекоммуникация) байланысының желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылау, ұстап алу және алу;
3) абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу;
4) компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа құрылғылардан ақпаратты жасырын алу;
5) пошта жөнелтілімдері мен өзге жөнелтілімдерді жасырын бақылау;
6) жасырын кіру және (немесе) орынды жасырын зерттеп-қарау.
Осы тармақта көзделген арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және оларды жүргізу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
4. Осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 11), 12), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларында тізбеленген жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасының ережелеріне сәйкес іздестіру шаралары ретінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 187-IV, өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі № 154-XIII Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылатын жедел-iздестiру қызметiнiң мазмұнын айқындайды және оны жүргiзу кезiнде заңдылықты құқықтық кепiлдiктерi жүйесiн баянды етедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы