⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 113-бап. Қылмыстық iс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

113-бап. Қылмыстық iс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

113-бап. Қылмыстық iс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Қылмыстық iс бойынша:

      1) оқиға және қылмыстық заңда көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгiлерi (оның жасалған уақыты, орны, тәсілі және басқа да мән-жайлары);

      2) қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттi кiмнiң жасағаны;

      3) адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттi жасаудағы кiнәлiлiгi, оның кiнәсiнiң нысаны, жасалған іс-әрекеттiң себептері, заңдық және iс жүзiндегi қателiктері;

      4) күдіктінің, айыпталушының жауаптылық дәрежесi мен сипатына әсер ететiн мән-жайлар;

      5) күдіктінің, айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар;

      6) жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың салдарлары;

      7) қылмыстық құқық бұзушылықтан келтiрілген зиянның сипаты мен мөлшерi;

      8) әрекеттiң қылмыстық құқыққа қайшылығын жоққа шығаратын мән-жайлар;

      9) қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкеп соғатын мән-жайлар дәлелденуге жатады.

      2. Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша дәлелденуге жататын қосымша мән-жайлар – осы Кодекстiң 531-бабында, ал есі дұрыс емес адамдардың қоғамға қауіпті іс-әрекеттері туралы істер бойынша осы Кодекстің 510-бабында көрсетілген.

      3. Қылмыстық іс бойынша басқа да мән-жайлармен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес тәркіленуге жататын мүліктің заңсыз, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынғанын немесе осы мүліктен түскен кірістер болып табылатынын не қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы ретінде не экстремистік немесе террористік әрекетті не қылмыстық топты қаржыландыру немесе өзгедей қамтамасыз ету үшін пайдаланылғанын немесе пайдалануға арналғанын растайтын мән-жайлар дәлелденуге жатады.

      4. Қылмыстық іс бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайлар да анықталуға жатады.

      Ескерту. 113-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы