12-1-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы
1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) ақпараттық жүйесі пайдаланылады.
Электрондық нысанда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшін өтініш беру және көлік оқиғасының жасалғаны туралы хабардар ету, келтірілген зиянның мөлшерін айқындау, мұндай шарт бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан (сақтандырылушыдан, пайда алушыдан) мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында электрондық нысанда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына сілтеме орналастырылады.
2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, көлік құралдары иелерінің жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы:
1) сақтанушыға көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жөнелтуді;
2) реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;
3) сақтанушының (сақтандырылушының) жасалған көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
5) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, электрондық нысанда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартының және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың сақталуын;
6) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):
көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу;
көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының (көлік оқиғасының) басталғаны туралы хабардар ету;
келтірілген зиян мөлшерін айқындау;
сақтандыру төлемін алу;
осы Заңның 29-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. Егер көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтанушы – заңды тұлға сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасалды деп есептеледі.
5. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.
6. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, сақтандырушы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
7. Сақтандыру агенттерінің көлік құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.
Ескерту. 3-тарау 12-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы.
Осы Заң көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы