⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-1-бап. Мемлекеттiк комиссияның қызметiн ұйымдастыру  Төтенше жағдай туралы Заңы

12-1-бап. Мемлекеттiк комиссияның қызметiн ұйымдастыру  Төтенше жағдай туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-1-бап. Мемлекеттiк комиссияның қызметiн ұйымдастыру  Төтенше жағдай туралы Заңы 

       1. Мемлекеттік комиссия орталық, жергiлікті атқарушы органдардың өкілдерінен және төтенше жағдай енгізілген жергілікті жерлердің коменданттарынан құрылады. Мемлекеттiк комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi және ол төтенше жағдай енгiзуге негiз болған мән-жайларға байланысты болады. Мемлекеттiк комиссия төрағадан, мүшелерден және хатшыдан тұрады. Мемлекеттiк комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi.  

       Мемлекеттiк комиссия мүшелерiнiң және комиссия жұмысын қамтамасыз ету үшiн тартылатын мамандардың жұмыс орындары мен негiзгі жұмыс орнындағы жалақысы сақталады.  

      1-1. Осы Заңның 3-2-бабының 2-тармағына сәйкес негіздер бойынша төтенше жағдай режимі енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Мемлекеттік комиссияның төрағасы болып тағайындалады. 

      Қазақстан Республикасының Президенті ахуалдың өршуін талдауды негізге ала отырып, өз қалауы бойынша кез келген мемлекеттік органның өкілін Мемлекеттік комиссияның төрағасы етіп тағайындауға құқылы. 

       2. Мемлекеттiк комиссияның отырыстарын қажеттілігіне қарай оның төрағасы шақырады, ал оның шешiмдерi хаттамалармен ресiмделедi. Мемлекеттiк комиссияның мүшелерi отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.  

       Отырыстың күн тәртiбiндегi әрбiр мәселе бойынша шешiм ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер Мемлекеттік комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi шешiмдi жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда төраға жақтап дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi. Мемлекеттiк комиссия өз құзыретiне сәйкес қабылдайтын шешiмдер орталық, жергiлiктi атқарушы органдардың және төтенше жағдай енгiзiлген жергiлiктi жерлердiң комендатураларының, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болады.  

       3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша Мемлекеттiк комиссия Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына тиісті ұсыныстарды, жарлықтар мен өкімдердің жобаларын енгiзедi. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша Мемлекеттiк комиссия Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына тиісті ұсыныстарды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Премьер-Министрі өкімдерінің жобаларын енгiзедi.  

      Ескерту. 12-1-бап жаңа редакцияда – ҚР 14.01.2006 № 117; өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жергілікті жерлерiнде төтенше жағдайды енгiзудiң және оның қолданылуының негiздерiн, мерзiмдерiн, тәртiбiн, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін белгілейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы