⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-1-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы рұқсаттар және хабарламалар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Өсімдіктер карантині туралы Заңы

12-1-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы рұқсаттар және хабарламалар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Өсімдіктер карантині туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-1-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы рұқсаттар және хабарламалар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Өсімдіктер карантині туралы Заңы 

      1. Фитосанитариялық сертификатты алу үшін жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған өнім орналасқан тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне өтініш береді, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға карантиндік жай-күйді айқындау үшін карантинге жатқызылған өнімді ұсынады. 

      Фитосанитариялық сертификатты өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес береді және жеке қолын қойып, белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) куәландырады. Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруға, жүргізілген зарарсыздандыру, осы өнімді жеткізу бойынша басқа да қосымша карантиндік фитосанитариялық талаптардың орындалғаны туралы мәліметтері болуға тиіс. 

       Фитосанитариялық сертификатты беруден уәжді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:  

      1) өтініш берушінің карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбауы; 

      2) импорттаушы елдің талаптарымен (экспорттау кезінде) карантинге жатқызылған өнімде анықталған карантинді объектілердің болуына жол берілетін жағдайларды қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантинді объектілердің анықталуы; 

      3) импорттаушы елдің талаптарына (экспорттау кезінде) сәйкес келмеудің анықталуы; 

      4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамын карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы бірнеше рет (екі және одан көп рет) хабардар етпеу немесе оны жете тексеру үшін ұсынбау, межелі жердің өзгеру жағдайларын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тиісті уәкілетті мемлекеттік органынан ақпарат алынғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде фитосанитариялық сертификат беруден бас тарту үшін негіз болып табылады; 

      5) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер. 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі! 
      2-тармақтың бірінші бөлігін алып тастау көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

      2. Карантиндік сертификатты алу үшін жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған өнім орналасқан тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне өтініш береді, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға карантиндік жай-күйді айқындау үшін карантинге жатқызылған өнімді ұсынады. 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі! 
      2-тармақтың екінші бөлігін алып тастау көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

       Карантиндік сертификатты өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес береді және жеке қолын қойып, белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) куәландырады.  

      ЗҚАИ-ның ескертпесі! 
      2-тармақтың төртінші бөлігін алып тастау көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

       Карантиндік сертификатты беруден уәжді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:  

      1) өтініш берушінің карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбауы; 

      2) осы Заңның 13-бабы 4-1-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантинді объектілердің анықталуы; 

      3) уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторын карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы бірнеше рет (екі және одан көп рет) хабардар етпеу немесе оны жете тексеру үшін ұсынбау, межелі жердің өзгеру жағдайларын қоспағанда, уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесінен ақпарат алынғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде карантиндік сертификат беруден бас тарту үшін негіз болып табылады; 

      4) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер. 

      3. Бекітілген тізбеге сәйкес карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелу үшін жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған объект орналасқан тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хат алуға өтінім береді. 

      Карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хат әрбір карантинді объектіге беріледі және берілген күнінен бастап алты ай ішінде қолданыста болады. 

      Карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хат бір реттен артық пайдаланылмайды. 

      Карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хат Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес беріледі. 

      Әртүрлі биологиялық қауіпсіздік деңгейіндегі карантинді объектілерді оқшаулау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеу және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хатты беруден уәжді бас тарту үшін негіз болып табылады. 

      4. Есепке алу нөмірін алу үшін жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған объект орналасқан тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне өтінім береді, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға карантиндік жай-күйді және карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін айқындау үшін карантинге жатқызылған объектіні ұсынады. 

      Есепке алу нөмірі: 

      карантиндік арамшөптер (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) басқан астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеу; 

      ағаш қаптама материалын зарарсыздандыру және таңбалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға беріледі. 

      Есепке алу нөмірі Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес код пен тіркеу нөмірі беріле отырып беріледі. 

      Есепке алу нөмірін беруден уәжді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады: 

      1) карантинге жатқызылған объектінің қойылатын карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеуі; 

      2) карантинге жатқызылған объект аумағында карантинді объектілердің таралу ошақтарының анықталуы; 

      3) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де негіздер. 

      Есепке алу нөмірін кері қайтарып алу үшін мыналар негіз болып табылады: 

      1) карантинге жатқызылған объект аумағында карантинді объектілердің таралу ошақтарының анықталуы; 

       2) карантиндік фитосанитариялық талаптардың бұзылуы;  

      3) астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеу арқылы алынған өнімде тірі және (немесе) өміршең карантинді объектілердің анықталуы; 

      4) зарарсыздандырылған және таңбаланған ағаш қаптама материалында тірі және (немесе) өміршең карантинді объектілердің анықталуы; 

      5) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де негіздер. 

      5. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттың және оған қосымшаның негізінде жүзеге асырылады. 

      Ескерту. 3-тарау 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I Заңы. 

    Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың құқықтық негізін, мақсаттарын, міндеттері мен принциптерiн белгiлейдi.   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы