⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-1-бап. Қазақстан Республикасы барлау қоғамдастығының қызметін ұйымдастырудың жалпы шарттары Сыртқы барлау туралы Заңы

12-1-бап. Қазақстан Республикасы барлау қоғамдастығының қызметін ұйымдастырудың жалпы шарттары Сыртқы барлау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-1-бап. Қазақстан Республикасы барлау қоғамдастығының қызметін ұйымдастырудың жалпы шарттары Сыртқы барлау туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасы барлау қоғамдастығы қызметінің шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары іс-қимылдарының келісілуін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі жүзеге асырады. 

      2. Сыртқы барлау субъектілері болып табылмайтын Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушыларға ұлттық қауіпсіздіктің сыртқы қауіп-қатерлерін мониторингтеуді, талдауды, бағалауды және болжауды жүзеге асыру, оларды бейтараптандыру жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысу, сыртқы барлау субъектілеріне жәрдем көрсету жөніндегі өкілеттіктер беріледі. 

      3. Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушылардың өзара іс-қимылы: 

      ұйымдастырушылық; 

      жедел; 

      талдамалық; 

      әдістемелік; 

      техникалық; 

      бағдарламалық-аппараттық және өзге де бағыттар бойынша, сондай-ақ ортақ міндеттер мен мақсаттарды іске асыру үшін өзара ақпарат алмасу және келісілген іс-қимылдар арқылы жүзеге асырылады. 

      4. Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы қызметінің шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін олардың уәкілетті өкілдері сыртқы барлау органына іссапарға жіберіледі және (немесе) жіберіледі. 

      Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының немесе ұйымының уәкілетті өкілдерін сыртқы барлау органына іссапарға жіберу және (немесе) жіберу, сондай-ақ олардың қызметін жүзеге асыру тәртібін сыртқы барлау органының бірінші басшысы және Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына басқа қатысушының бірінші басшысы бірлескен нормативтік құқықтық актіде айқындайды. 

      5. Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушылардың бірінші басшылары Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы қызметінің шеңберінде қабылданған шешімдерді іске асыру үшін тиісті құқықтық актілер шығара алады. 

      Ескерту. 2-тарау 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 22 мамырдағы № 277-IV Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасы сыртқы барлау субъектілерінің және Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушылардың мәртебесін, құзыретін және қызметінің ұйымдастырылуын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы