⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-2-бап. "Барыс" орденімен наградтау:  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

12-2-бап. "Барыс" орденімен наградтау:  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-2-бап. "Барыс" орденімен наградтау:  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы 

      - Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайту ісіндегі;  

       - бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етудегі;  

       - мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметтегі;  

       - халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен оларды өзара байытудағы, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтудағы айрықша еңбегі үшін жүргізіледі.  

       "Барыс" ордені үш дәрежеден тұрады:  

       - I дәрежелі "Барыс";  

       - II дәрежелі "Барыс";  

       - III дәрежелі "Барыс".  

       I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау III дәреже, II дәреже, I дәреже ретімен жүргізіледі.  

       Ерекше жағдайларда айрықша көзге түскені үшін Мемлекет басшысының шешімімен наградтау реттілік ескерілмей жүргізілуі мүмкін.  

      Ескерту. III-тарау 12-2-баппен толықтырылды - ҚР 2001.05.03 № 180 Заңымен.  
 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы