⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-2-бап. Қайырымдылық ұйымдары мен діни бірлестіктерді терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланудан оларды қорғау жөніндегі шаралар Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңы

12-2-бап. Қайырымдылық ұйымдары мен діни бірлестіктерді терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланудан оларды қорғау жөніндегі шаралар Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-2-бап. Қайырымдылық ұйымдары мен діни бірлестіктерді терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланудан оларды қорғау жөніндегі шаралар Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңы 

      1. Ерікті қайырмалдықтарға жүгінетін қайырымдылық ұйымдары, сондай-ақ діни бірлестіктер шаралар қабылдайды, оларға сәйкес өздерінің әрекеті терроризмді қаржыландыру мақсаттарында пайдаланылмайды, сондай-ақ олар: 

       1) үшінші тұлғалардың өтініші бойынша не өз бастамасы бойынша қаржы мониторингі субъектілері арқылы төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруға;  

      2) сұрау салу бойынша уәкілетті органға ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жүргізілген операциялар туралы қаржылық есептілікті және анықталған тәуекелдер туралы ақпаратты беруге; 

      3) ақшамен және (немесе) міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын өзге мүлікпен жүргізілген операциялар, сондай-ақ құрылтайшылар (қатысушылар) туралы ақпаратты кемінде бес жыл сақтауға міндетті. 

      2. Қайырымдылық ұйымында, сондай-ақ діни бірлестіктерде терроризмді қаржыландыру мақсатында өздерін пайдаланғаны туралы күдік болған жағдайда, олар тиісті ақпаратты уәкілетті органға жібереді. 

      Ескерту. 2-тарау 12-2-баппен толықтырылды - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV Заңы. 

        Осы Заң қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қаржы мониторингі субъектілерінің, уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының құқықтық қатынастарын, сондай-ақ терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болғызбауға және жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға қатысты нысаналы қаржылық санкцияларды іске асыру тетіктерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы