⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-2-бап. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беруден бас тарту, одан айыру (оны кері қайтарып алу), ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату Ветеринария туралы Заңы

12-2-бап. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беруден бас тарту, одан айыру (оны кері қайтарып алу), ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату Ветеринария туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-2-бап. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беруден бас тарту, одан айыру (оны кері қайтарып алу), ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату Ветеринария туралы Заңы 

      1. Осы Заңда көзделмеген, ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беруден бас тарту, одан айыру (оны кері қайтарып алу), ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 

      2. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру үшін мыналар негіз болып табылады: 

      1) жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы аурулары бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісінің шығу (болу), жүру (бағыты) және (немесе) келу (межелі пункт) орнының эпизоотиялық ахуалының нашарлауы;  

      2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісінің қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне төнетін қатердің расталуы; 

      3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтың анықталуы; 

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар. 

      3. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының күші ветеринария саласындағы мынадай екінші санаттағы рұқсаттарға қолданылмайды: 

      1) мемлекеттік тіркелуімен жемшөп қоспаларына арналған тіркеу куәлігі; 

      2) ветеринариялық препараттарға арналған тіркеу куәлігі. 

      4. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттар және (немесе) оларға қосымшалар иелерінің осы қолданылуы тоқтатыла тұрған, жүзеге асырылуына ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсат және (немесе) оған қосымша берілген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруына жол берілмейді. 

      5. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттан және (немесе) оған қосымшадан айыру (оны кері қайтарып алу) үшін мыналар негіз болып табылады:  

      1) ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтың белгіленген мерзімде жойылмауы; 

       2) жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтың соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде қайтадан анықталуы;  

       3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісі өндірісінің процесіндегі жүйелі іркілістің (соңғы он екі ай ішінде екі реттен артық) салдары болып табылатын және жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін бұзушылықтардың анықталуы;  

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар. 

      Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттан және (немесе) оған қосымшадан айыру (оны кері қайтарып алу) соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. 

      6. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады: 

      1) ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның оларға берілген қолданылу мерзімінің өтуі; 

      2) жүзеге асырылуы үшін берілген әрекеттің (операцияның) толық көлемде жасалуы; 

      3) ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттан және (немесе) оған қосымшадан айыру (оны кері қайтарып алу); 

      4) жеке тұлға қызметінің тоқтатылуы, заңды тұлғаның таратылуы; 

       5) өтініш берушінің ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасауы;  

      6) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы ауруларының пайда болу және таралу тәуекелінің жоғары болуы; 

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар. 

      Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезден бастап ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алу талап етілетін қызмет түрлерін немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруға жол берілмейді. 

      Ескерту. 2-тарау 12-2-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 Заңы. 

Осы Заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.   

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы