12-бап. Аграрлық азық-түлiк нарықтарын мемлекеттiк реттеу Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңы
1. Азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында аграрлық азық-түлiк нарықтарын мемлекеттiк peттеу:
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік-тарифтік, тарифтік емес реттеу шараларымен ішкi нарықты қорғау, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
2. Азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктері іске асырылады.
3. Алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 4. Алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 33-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.06.30 № 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 33-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2015 № 317-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы