⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-бап. Акционерлiк инвестициялық қордың акциялары  Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы

12-бап. Акционерлiк инвестициялық қордың акциялары  Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 12-бап. Акционерлiк инвестициялық қордың акциялары  Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы 

       1. Акционерлiк инвестициялық қордың акцияларына ақша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ғана төленедi.  

       Акцияларды орналастыру кезiнде олардың ақысын толық төлемеуге жол берiлмейдi.  

       Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы мынадай:  

      1) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын акционерлік қоғамды қайта ұйымдастыру кезінде акционерлік инвестициялық қордың акцияларына ақы төлеу; 

      2) "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта құру кезінде акционерлік инвестициялық қордың акцияларына ақы төлеу; 

       3) акционерлік инвестициялық қордың акцияларына конвертацияланатын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі негізінде бағалы қағаздарды акционерлік инвестициялық қордың акцияларына конвертациялау;  

      4) акционерлiк инвестициялық қордың жарғысы және акционерлiк инвестициялық қор акционерлері жалпы жиналысының шешімі негізінде акционерлiк инвестициялық қордың орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлiк инвестициялық қор акцияларының басқа түріне айырбастау жағдайларына қолданылмайды. 

      Осы тармақта көзделген жағдайларда акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын орналастырған кезде бағалау жүргізу талап етілмейді. 

       2. Акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын бастапқы орналастыру кезiнде оларға төленетiн ақшаны акцияларды сатып алушы акционерлiк инвестициялық қордың осы қор кастодианындағы шотына аударады.  

      3. Тәуекелмен инвестициялайтын акционерлік инвестициялық қорлардың акцияларын қор биржасының сауда жүйесінде орналастыру мен айналысқа жіберуге, егер мұндай орналастыру мен айналысқа жіберу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді. 

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы акционерлік инвестициялық қордың құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет ету, қайта ұйымдастырылу және таратылу ерекшелiктерiн, инвестициялық пай қорының құрылу, жұмыс iстеу және жұмыс iстеуiн тоқтату шарттары мен тәртібін, венчурлік қорлардың құқықтық жағдайы мен қызмет ету ерекшеліктерін айқындайды, бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылардың инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне байланысты қатынастарды реттейдi, сондай-ақ инвестициялық қорларды мемлекеттік реттеу тәртібін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы