12-бап. Арнайы есепке алуды тағайындау мен жүргізу Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы Заңы
1. Арнайы есепке алу:
1) мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы заңдарын жетiлдiру жөнiндегi қызметiн;
2) мемлекеттiк органдардың құқық қолдану қызметiн;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз етуге арналған.
2. Уәкілеттi орган арнайы есептi жинауды, тiркеудi, өңдеудi, жинақтауды, жүйелеудi, сыныптауды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етедi.
3. Уәкiлеттi орган арнайы есепке алудың мынадай түрлерiн:
1) қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды;
2) ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды;
3) анықтаудан, тергеуден, соттан жасырынып жүрген іздеудегі адамдарды, сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарып жүрген адамдарды;
4) хабарсыз жоғалып кеткен іздеудегі адамдарды;
5) жеке басы анықталмаған мәйiттердi;
6) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамдарды;
6-1) алып тасталды – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6-2) шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын;
7) сот әрекетке қабiлетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды;
8) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылған адамдарды;
9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органда тіркелетін тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, мемлекеттік бақылаудың, сондай-ақ қадағалаудың басқа да нысандарын;
10-1) террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды;
11) экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды;
11-1) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 12) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
12) мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды;
13) адамдардың қаза болуына немесе жаралануына әкеп соққан жол-көлік оқиғаларын;
14) атқарушылық құжаттар бойынша міндеттемелерін орындамаған адамдарды, сондай-ақ әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыны ерікті түрде орындамаған адамдарды;
15) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер, мемлекеттің мүддесі үшін ұсынылған, сондай-ақ алименттер өндіріп алу туралы, асыраушының мертігуінен немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, қайтыс болуынан келген залалды өтеу туралы қуынымдар бойынша жауапкер болып табылатын іздеудегі адамдарды;
16) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырғаны (жылыстатқаны) және терроризмді қаржыландырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды;
16-1) кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды;
16-2) туысқандарымен байланысты жоғалтқан іздеудегі адамдарды;
16-3) өзі туралы анықтамалық деректерді хабарлауға қабілеті жоқ адамдарды;
17) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты тәркіленген мүлік сомаларын, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған, Қазақстан Республикасына қайтарылуға жататын және қайтарылған сомаларды;
18) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты өзара құқықтық көмек пен өзге халықаралық сұрау салуларды арнайы есепке алуды жүзеге асырады.
19) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4. Жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда, арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.02.23 № 33, 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 522-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 № 244-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 510 Заңы.
Осы Заң мемлекеттік құқықтық статистиканы жүзеге асырудың және арнайы есепке алуды жүргiзудiң құқықтық негiздерi мен қағидаттарын, уәкiлеттi орган мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің өкiлеттiктерi мен функцияларын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы