⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-бап. Азаматтардың және басқа да адамдардың соғыс жағдайы кезеңiндегi мiндеттерi  5-тарау. Азаматтардың және басқа да адамдардың, ұйымдардың соғыс жағдайы кезеңіндегі міндеттері Соғыс жағдайы туралы Заңы

12-бап. Азаматтардың және басқа да адамдардың соғыс жағдайы кезеңiндегi мiндеттерi  5-тарау. Азаматтардың және басқа да адамдардың, ұйымдардың соғыс жағдайы кезеңіндегі міндеттері Соғыс жағдайы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-бап. Азаматтардың және басқа да адамдардың соғыс жағдайы кезеңiндегi мiндеттерi  5-тарау. Азаматтардың және басқа да адамдардың, ұйымдардың соғыс жағдайы кезеңіндегі міндеттері Соғыс жағдайы туралы Заңы 

       1. Азаматтар және басқа да адамдар Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Заңның, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың соғыс жағдайы мәселелерi жөнiндегi талаптарын орындауға мiндеттi.  

       2. Соғыс жағдайы енгiзiлген аумақтағы азаматтар мен басқа да адамдар:  

       1) соғыс жағдайын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың, олардың лауазымды адамдарының талаптарын орындауға және оларға жәрдемдесуге;  

       2) тұрып жатқан жерiндегi әскери басқару органдарына және мемлекеттiк органдарға шақырту бойынша келуге;  

       3) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарын орындауға;  

       4) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен қорғаныс сипатындағы жұмыстарға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйесiн қалпына келтiруге, сондай-ақ өртке, эпидемияға, эпизоотияға қарсы күреске қатысуға;  

       5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өздерiнiң меншiгiндегi қорғаныс қажетiне керектi мүлiктi беруге; <*>  

       6) өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.  

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. № 70 Заңымен.   

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы N 391 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Pecпубликасының аумағында тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың (бұдан әрi - азаматтар және басқа да адамдар), сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, әскери басқару органдарының және  

       меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың (бұдан әрi - ұйымдар) соғыс жағдайы кезеңiндегi құқықтық қатынастарын реттейдi.  

       Осы Заңның қолданылуы соғыс жағдайы кезеңiмен шектеледi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы