⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-бап. Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет саласындағы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің кепілдіктері Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы Заңы

12-бап. Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет саласындағы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің кепілдіктері Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-бап. Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет саласындағы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің кепілдіктері Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы Заңы 

      Мемлекет: 

      1) ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау, ерлер мен әйелдердің өлім-жітімін азайту және олардың орташа өмір сүру жасының ұзақтығы арасындағы айырмашылықты қысқарту бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын одан әрі жетілдіруге және шаралар қабылдауға; 

      2) ерлер мен әйелдердің қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың барлық түрлеріне қол жеткізуі үшін теңдей жағдайларды қамтамасыз етуге; 

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оқуға қабылдау кезінде артықшылықтарға жол бермеуге; 

      4) жынысына қатысты қорлайтын сөздерді, теңеулерді, бейнелерді пайдалану арқылы жалпыға бірдей қабылданған ізгілік пен мораль нормаларын бұзатын мәтіндік, көріністік, дыбыстық ақпаратты қамтитын жарнамаға жол бермеуге; 

      5) ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету бойынша іске асырылып жатқан мемлекеттік саясатқа сәйкес гендерлік білім беруге кепілдік береді. 

 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 223-IV Заңы. 

      Осы Заң ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдікке жағдай жасауға қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы