⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялағанға дейiн олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы Заңы

12-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялағанға дейiн олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялағанға дейiн олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжілiс Төрағасының, Парламент депутаттарының жалпы санының кем дегенде бестен бiр бөлiгінiң, Премьер-Министрдің, Бас Прокурордың өтініштерi бойынша халықаралық шарттарды ратификациялағанға дейiн олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігiн қарайды. 

      2. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өтiнiш жасалған жағдайда халықаралық шарттарды ратификациялау мерзiмiнің өту уақыты тоқтатыла тұрады. 

       3. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейдi деп танылған халықаралық шарттарды ратификациялауға болмайды.  

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және олардың қолданылуын тоқтату тәртiбiн айқындайды.  

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына, халықаралық шарттың өзінiң ережелерiне, Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жасалады, орындалады, өзгертiледi және тоқтатылады. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы