⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-бап. Iшкi су жолдарын күтiп ұстау  Iшкi су көлiгi туралы Заңы

12-бап. Iшкi су жолдарын күтiп ұстау  Iшкi су көлiгi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-бап. Iшкi су жолдарын күтiп ұстау  Iшкi су көлiгi туралы Заңы 

      1. Астананың әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі Есіл өзенінің кеме қатынасы учаскесін қоспағанда, су жолы жұмыстарын, оның iшiнде мемлекет меншiгiндегi порттарда рейдтер және осы порттардың айлақтарына кiреберiстердi жасау мен күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудi, сондай-ақ кеме қатынасының гидротехникалық құрылысжайларын (шлюздерді) күтiп ұстау мен тасымалдаушының технологиялық байланысты ұйымдастыруын уәкiлеттi органның кәсiпорындары жүзеге асырады. 

      2. Порттарға (осы баптың 1-тармағында көрсетiлмегендерiне) кiреберiстердегi, сондай-ақ тоқтау пункттерiндегi жол жұмыстарын жүргiзудi олардың иелерi жүзеге асыруға мiндеттi. 

      2-1. Астананың әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі Есіл өзенінің кеме қатынасы учаскесінде су жолы жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз етуді астана әкімдігі жүзеге асырады. 

      3. Iшкi су жолдарын және олардағы кеме қатынасы гидротехникалық құрылысжайларын (шлюздерді) күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстар жол жұмыстарын жүргiзуге арнайы рұқсатсыз жүзеге асырылады. 

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574 Заңы. 

         Осы Заң кеме қатынасын жүзеге асыру, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, шағын көлемді кемелерді пайдалану, оның ішінде ішкі су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдалану кезінде ішкі су көлiгi саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы