12-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметi Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы
1. Мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны жетеуден аспауға тиiс. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.
2. Тұрақты комиссиялардың тiзбесi мен сан құрамын мәслихат белгiлейдi. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерiн өз депутаттары арасынан тиiстi мәслихат сайлайды.
3. Тұрақты комиссиялар өздерiн сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемiнде бiр рет өз қызметi туралы есеп бередi.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртiбiн, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы