⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-бап. Мемлекеттiк комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары  Төтенше жағдай туралы Заңы

12-бап. Мемлекеттiк комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары  Төтенше жағдай туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-бап. Мемлекеттiк комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары  Төтенше жағдай туралы Заңы 

       1. Мемлекеттiк комиссияның негiзгi міндеттерi мыналар болып табылады:  

       1) төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болған мән-жайларды жою жөнiнде шаралар әзiрлеу;  

       2) төтенше жағдай енгiзiлген аумақтың қызметiн басқару мен қамтамасыз ету жөнiнде жедел iс-шаралар жүргізудi ұйымдастыру;  

       3) төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларды уақытша тұруға арналған тұрғын үй-жайларға орналастыруды, оларға қажетті көмек көрсетуді ұйымдастыру;   

       4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, төтенше жағдай енгiзілген жергiлiктi жерлердiң комендатураларының төтенше жағдайды енгiзу үшiн негiз болған мән-жайларды жою жөнiндегі қызметiн үйлестiру;  

       5) төтенше жағдай кезеңiнде жүргізiлетiн iс-шаралардың орындалуын бақылау.  

       2. Негiзгi мiндеттерiн орындау үшiн Мемлекеттік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:  

       1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың, төтенше жағдай енгiзілген жергiлiктi жерлердiң комендатураларының төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайларды жою жөнiндегi қызметiн үйлестiру бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;  

       2) Мемлекеттiк комиссияға жүктелген мiндеттердi орындау мәселелерi бойынша орталық, жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарын және төтенше жағдай енгiзiлген жергiліктi жерлердiң коменданттарын тыңдайды;  

       3) орталық және жергіліктi атқарушы органдардан, ұйымдардан Мемлекеттiк комиссияның қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұратады және алады;  

       4) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың, төтенше жағдай енгiзiлген жергiлiктi жерлердiң комендатураларының төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайларды жою жөнiндегi iс-шараларды орындауын бақылайды;  

       5) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың мамандарын төтенше жағдай енгiзуге негiз болған мән-жайларды жою мәселелерiн шешу үшiн талдамалық, сараптау және басқа да қажеттi жұмыстарды орындауға тартады;  

       6) осы Заңның 15, 16-баптарында көрсетiлген қосымша шаралар мен уақытша шектеулердi енгiзудің тиiмдiлiгiн қарайды. Төтенше жағдай енгізуге негiз болған мән-жайлар толық немесе iшiнара жойылған кезде Қазақстан Республикасының Президентiне қосымша шаралардың, уақытша шектеулердiң немесе төтенше жағдайдың толық немесе ішінара күшiн жою туралы тиiстi ұсыныстар енгiзедi; 

      7) Қазақстан Республикасының Президентіне төтенше жағдай енгізілген жергілікті жерде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, осы Заңда көзделген қосымша шаралар мен уақытша шектеулерді қолдану қажеттігі туралы ұсыныстармен жүгінеді, олардың орындалуын қамтамасыз етеді; 

      8) жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, аумақтық ішкі істер органдардың, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің, төтенше жағдай енгізілген жергілікті жерде орналасқан (орналасатын) әскери құралымдардың және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін қосымша тартылатын мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді. 

      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда – ҚР 14.01.2006 № 117; өзгеріс енгізілді ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жергілікті жерлерiнде төтенше жағдайды енгiзудiң және оның қолданылуының негiздерiн, мерзiмдерiн, тәртiбiн, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін белгілейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы